Prosports.kz назарларыңызға Еуропа лигасының топтық кезеңіне жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясын ұсынады.

32 команда 8 клубтан 4 себетке бөлінген. Жеребе тарту арқылы 4 командадан тұратын сегіз топ құрылады.

Себеттердің толық құрамы:

Бірінші себет: «Рома», «Манчестер Юнайтед», «Арсенал», «Лацио», «Брага», «Црвена Звезда», «Динамо» Киев, «Олимпиакос».Екінші себет: «Фейеноорд», ПСВ, «Ренн», «Монако», «Реал Сосьедад», «Карабах», «Мальме», «Лудогорец».Үшінші себет: «Шериф», «Бетис», «Мидтьюлланд», «Буде-Глимт», «Ференцварош», «Унион Берлин», «Фрайбург», «Фенербахче».Төртінші себет: «Нант», ХИК, «Штурм», АЕК Ларнака, «Омония», «Цюрих», «Юнион», «Трабзонспор».

2022/23 УЕФА Еуропа лигасының финалы 2023 жылдың 31 мамырында Будапешттегі «Пушкаш Аренада» өтеді.

Жеребе тарту рәсімі елорда уақытымен сағат 17:00-де басталады. Трансляцияны мына СІЛТЕМЕ арқылы УЕФА-ның ресми сайтынан көруге болады.