Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен А.Крунич ширек финалда жапониялық Мию Като – индонезиялық Алдила Сутджиадимен шеберлік байқасты. Бірінші партияда қазақстандық-сербиялық жұп басымдылық танытты – 6:2. Екінші сетте жапониялық-индонезиялық дуэт тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:4). Супер тай-брейкте Данилина мен Крунич жеңісті жұлып алды – 10:7.

Анна мен Александра финалға шығу үшін доданың 1-ракеткалары, чехиялықтар Барбора Крейчикова – Катерина Синяковамен кезедеседі.