Қазақстандық Дмитрий Попко АҚШ ашық чемпионаты іріктеу сайысының финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 236-орында тұрған Д.Попко іріктеу сайыстарының жартылай финалында әлемнің 114-ракеткасы, словакиялық Норберт Гомбошпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда словакиялық спортшы 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде Д.Попко дәл сондай есеппен есе қайырды.

Үшінші, шешуші сетте словакиялық сенімді ойнады – 6:2.

Екі сағат 14 минутқа созылған матчта Дмитрий 11 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 7 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.