Бүгін Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza Fighting Championship 42 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық файтер Бағдат Жұбаныш ММА-да кәсіпқой ретінде алғашқы жекпе-жегін өткізді. Оның қарсыласы қырғызстандық Султанбек Орозмамат уулу (3-7) болды.

Үшінші раундта Жұбаныш қарсыласына қылқындыру әдісін қолданып, жеңіске жетті.

Фото instagram.com/immafed