Дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Елдос Сметов 60 келі салмаққа қайта оралды. Бұл туралы құраманың бас бапкері Нұрбол Сүлейменов мәлімдеді.

- Елдос 66 келіде үш турнирге қатысып, үшеуінде де ұтылып қалды. Жаңа салмаққа ауысып, бірден үйреніп кету оңай емес. 66 келіде күресі жүрмеген соң, бапкерлермен ақылдасып, Сметовті өзінің бұрынғы салмағына ауыстыру туралы шешім қабылдадық, - дейді бас бапкер Нұрбол Сүлейменов.

Еске сала кетейік, Токио Олимпиадасынан соң Елдос Сметов 60 келіден 66 келіге ауысқан болатын. Бірақ жаңа салмақ тәжірибелі балуанға қиындық туғызған. Сметов Израиль, Түркия және Хорватияда өткен турнирлерде ұтылып қалды.