25 тамызда «Барыс» хоккей клубы Челябі облысы губернаторының кубогы аясында жарыс қожайыны «Трактормен» кещдеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» бірінші айналымда «Автомобилистті» 2:1 есебімен ұтып, турнирде көш бастады. Ал «Трактор» Магнитогорскілік «Металлургтен» жеңіліп қалды.

«Трактор» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:55-те басталады. Оны «КХЛ ТВ» арнасы және Трактор SHOW Youtube-арнасы тікелей эфирде көрсетеді.