2022/2023 жылғы Чемпиондар лигасында топтық кезеңде өнер көрсететін барлық команда анықталды, деп жазады Prosports.kz.

25 тамызда Ыстамбұлда топтық кезеңнің жеребе тарту рәсімі өтеді.

32 команда рейтинг бойынша төрт клубтан сегіз топқа бөлінеді. Әр топтан екі үздік команда 1/8 финалға шығады. Үшінші орын алған командалар Еуропа лигасында бақ сынайды.

Қатысушы командалар:

Бірінші қоржын: «Реал» (Мадрид, Испания), «Айнтрахт» (Франкфурт, Германия), «Манчестер Сити» (Англия), «Милан» (Италия), «Бавария» (Мюнхен, Германия), «ПСЖ» (Франция), «Порту» (Португалия), «Аякс» (Нидерланды).

Екінші қоржын: «Ливерпуль» (Англия), «Челси» (Англия), «Барселона» (Испания), «Ювентус» (Турин, Италия), «Атлетико» (Мадрид, Испания), «Севилья» (Испания), «РБ Лейпциг» (Германия), «Тоттенхэм Хотспур» (Англия).

Үшінші қоржын: «Боруссия» (Дортмунд, Германия), «Зальцбург» (Австрия), «Шахтер» (Донецк, Украин), «Интер» (Милан, Италия), «Наполи» (Италия), «Бенфика» (Португалия), «Спортинг» (Португалия), «Байер» (Леверкузен, Германия).

Төртінші қоржын: «Марсель» (Франция), «Брюгге» (Бельгия), «Селтик» (Шотландия), «Виктория Пльзень» (Чехия), «Маккаби» (Хайфа, Израиль), «Динамо» (Загреб, Хорватия), «Копенгаген» (Дания), «Рейнджерс» (Глазго, Шотландия).

Жеребе тарту рәсімі Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады. Тікелей трансляция УЕФА ресми сайтында көрсетіледі. Себеттердің құрамын мына жерден табуға болады.