«Арлан» хоккей клубы шабуылшы Василий Москалевпен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Орталық шабуылшы, 24 жаста, бойы 182 см.2019-2020 маусымында ол «Дизельден» қарағандылық «Сарыарқа» жүйесіне ауысты.

Өткен маусымды Бейбарыста өткізіп, Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды. Тұрақты маусымда 21 (10+11) ұпай жинады және плей-оффтың 10 ойынында екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Жалпы Василий Қазақстан чемпионатында 131 кездесу өткізіп, 58 (23+35) ұпай жинады. Хоккейшімен келісімшарт екі маусымға есептелген.