24-27 тамыз аралығында Андрей Скабелка шәкірттері маусым алдындағы екінші турнирде өнер көрсетеді. Челябіде Челябі облысы губернаторының кубогы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа қазақстандық командадан бөлек Екатеринбургтің «Автомобилисті», Магнитогорскінің «Металлургі» және «Трактор» командалары қатысады.

«Барыстың» губернатор кубогына қатысатын құрамы:

Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов, Джелал-Ад-Дин Амирбеков.Қорғаушылар: Адиль Бекетаев, Кристофер Биграс, Тамирлан Гайтамиров, Михаил Григорьев, Джесси Грэм, Самат Данияр, Максим Минеев, Юрий Сергиенко, Владислав Семин, Егор Шалапов.Шабуылшылар: Алихан Асетов, Линден Вей, Дмитрий Гурков, Диас Гусейнов, Динмухамед Кайыржан, Энтони Луис, Кирилл Максимов, Никита Михайлис, Батырлан Муратов, Егор Петухов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.