«Қайрат» футбол клубы гвинеялық шабуылшы Хосе Канте Мартинес клубтан кететінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хосе «сары-қараларға» 2021 жылдың наурыз айында қосылды. Осы уақыт аралығында «Қайрат» сапында 51 матч өткізіп, 23 гол мен 11 нәтижелі пастың авторы атанды. Сондай-ақ гвинеялық ойыншы 2021 жылы Қазақстан Кубогын жеңіп алып, УЕФА Конференция Лигасының топтық кезеңіне қатысты.

«Қайрат» футбол клубы Хосеге Алматыдағы мансабы үшін шын жүректен алғысын айтып, болашақта жетістікке жетуіне тілек білдіреді.