«ПСЖ» Франция чемпионатының 3-турында сырт алаңда «Лилльді» 1:7 есебімен ойсырата ұтты,деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында шабуылшы Килиан Мбаппе хет-трик жасады.

Оның бірінші голы кездесудің бар болғаны 8-секундында соғылды. Оған Лионель Месси нәтижелі пас берді.

Осылайша, Мбаппе 1992 жылы 15 ақпанда «Канн» қақпасына 8 секундта гол соққан «Гавр» футболшысы Мишель Рионың жетістігін қайталады.