Алматы бокс федерациясы екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай мен кейінгі әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алуа Балқыбекованы марапаттады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шара барысында қалалық бокс федерациясының басшысы Ержан Қосмамбетов екі спортшыға 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етті.

Жеке бапкер Тоқынжан Камековтің еңбегі де ерекше атап өтілді, ол ақшалай сыйлықпен бірге «Алматы боксын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.