«Қайрат» ФК бас бапкері Кирилл Кекер футболдан 2022 жылғы Қазақстан чемпионатының 13-туры аясындағы «Ақсуға» (2:1) қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі fckairat.kz сайтына сілтеме жасап.
- Қазақстан футболының барша жанкүйерін чемпионаттың қайта жандануымен құттықтағым келеді. Біз чемпионатты матчтарын екі күтіп, осы күнге жеттік!
Бүгінгі ойында байқағандарыңыздан әр ұпай үлкен еңбекпен келеді. Жанкүйерлерімізді, командамызды маңызды жеңіспен құттықтаймын! «Ақсуға» алдағы уақытта сәттілік пен жеңіс тілеймін.
Жазда команда сапы мықты ойыншылармен толықты, бірақ оларға ұжымға үйренісу үшін уақыт қажет-ақ. Жалпы, бүгін соңғы секундқа дейін қызық әрі тартысқа толы ойын өтті.