Қазақстандық «БИІК-Шымкент» әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасында украиналық «Жилстрой-2» клубынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

3-топтың финалдық ойыны 2:0 есебімен украиндық клубтың жеңісімен аяқталды. Жеңіске жеткен команда сапында Екатерина Корсун мен Роксолана Кравчук гол соқты.

Осылайша қазақстандық клуб Чемпиондар лигасынан ұшып кетті.