Нұр-Сұлтанда аралас жекпе-жектен Eagle FC 50 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық файтер Сәбит Жүсіпов Хабиб Нурмагомедов лигасының турнирінде тәжікстандық Умиджон Мусаевты жеңді. Жеңіл салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек бірінші раундта аяқталды, Жүсіпов қарсыласын нокаутқа түсірді.

Осылайша, Сәбит Жүсіпов кәсіпқой мансабындағы он екінші жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Умиджон Мусаев сегізінші рет жеңіліске ұшырады.