Бірінші жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Сергей Липинец АҚШ-тың Флорида штатындағы Showtime бокс кешінің басты оқиғасында өнер көрсетті.

Ол бірінші орта салмақтағы WBC Silver титулы үшін америкалық Омар Фигероамен жұдырықтасты.

Бұл ретте бұрынғы әлем чемпионы Адриен Бронер жекпе-жектен бас тартқаннан кейін, Сергей қысқа мерзімде айқас өткізуге шешім қабылдады.

12 раундқа есептелген жекпе-жек белгіленген уақытқа созылмады. Екінші раундта Сергей қарсыласын нокдаунға жіберді, ал сегізінші үш минуттық кезеңнен кейін Фигероа бұрышы жекпе-жектен шығып қалды.

Осылайша Сергей Липинец мерзімінен бұрын жеңіске жетті (техникалық нокаут).

Липинец үшін бұл – мансабындағы 17-ші жеңіс. Фигероа үшінші рет жеңілді, оның қоржынында 28 жеңіс (19-ы нокаутпен) және бір тепе-тең есеп бар.

Айта кетейік, Сергей Липинец Қазақстанның Ақтөбе облысындағы Мәртөк кентінің тумасы, бірақ бала кезінен Ресейде тұрады.