Қазақстанның бірінші ракетасы Елена Рыбакина Уимблдондағы жеңісінен кейін үш турнирге қатысты, ол Сан-Хоседе (АҚШ), Торонтода (Канада) және Цинциннатиде (АҚШ) бақ сынады, деп жазады Prosports.kz.

Рыбакина Сан-Хоседе бірінші айналымда ресейлік Дарья Касаткинаға (WTA рейтингісінде 10-орын) есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады. Елена бұл турнирде 8110 доллар табыс тапты.

Одан кейін Торонтодағы турнир отандасымыз чехиялық Мария Боузкованы (46-орын) жеңіп, америкалық Кори Гауффқа (12-орын) есе жіберді. Бұл жарыста Рыбакина 17 445 доллар табыс тапты.

Ал Цинциннатидегі турнир Елена үшін ең сәтті болды. Ол мысырлық Майар Шерифті (48-орын), испаниялық Гарбинье Мугурусаны (9-орын) және америкалық Алисон Рискті (29-орын) жеңіп, ширек финалға шықты. Бірақ бұл кездеңде америкалық Мэдисон Кизге (24-ші) жол берді. Рыбакина бұл турнирде 57 440 долларға ие болды. Осылайша, отандасымыздың Уимблдон-2022 турнирінен кейінгі жалпы табысы 82 995 доллар болды.