26 жастағы Петрос Аветисян оралдық клубқа ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біздің басылымға белгілі болғандай, ойыншымен еркін агент ретінде келісімшарт жасалған.

Армениялық футболшы бұған дейін «Пюник», «Арарат-Армения» және «Ноа» сапында ойнаған. Сонымен қатар, Қазақстанда «Тобыл» мен «Шахтердің» намысын қорғаған.

Осы маусымда «кеншілер» сапында 9 матч өткізіп, 1 гол соққан.