Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы ұлыбританиялық Мэттью Маклин GGG мен мексикалық Сауль Альварес трилогиясына болжам жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маклин алдағы кездесуде Канело фаворит екенін айтты. Бірақ Головкин де оңай шағылар жаңғақ емесін алға тартты.

«Канелоның» трилогияда жеңіске жетуі шешілген дүние емес, өйткені Головкин – тамаша боксшы. Ол жақсы соққы жасай алады. Бірақ менің ойымша, «Канело» - айқын фаворит. Головкин 40 жаста, ол кейінгі жекпе-жегінде қартайғаны көрінді. Ол жеңіске жеткенімен және әлі де мықты боксшы болса да, оның энергиясы бұрынғыдай емес», - деді Маклин Pro Boxing Fans-қа.

Еске салсақ, 2013 жылы Маклин Головкиннен нокаутпен жеңілген болатын.