Бүгін супер ауыр салмақта WBA, IBO, IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы украиналық Александр Усик пен британиялық Энтони Джошуа жекпе-жек өткізеді.

Бокс кеші Сауд Арабиясындағы Jeddah Superdome кешенінде өтеді. Кеш Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталса, Усик пен Джошуа шаршы алаңға 02:00 шамасында шығады.

Кешті DAZN және Skysports стриминг жүйелерінде тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ Александр Усиктің YouTube-арнасында көрсетіледі.