Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBO) жаңартылған рейтингінде қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы төмен сырғыды.

Ол 12-орыннан 15-орынға түсіп қалды. Ал Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) болса екінші орнын сақтап отыр. Бұл дивизионда британиялық Зак Паркер (22-0, 16 КО) көш бастап тұр.