Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, «Атырау» футбол клубының жаңа бас бапкері болып Беларусь маманы Виталий Жуковский тағайындалады.

Жуковский 38 жаста. Маман он маусым бойы «Ислочь» командасын басқарған. Минск облысының командасын ол Екінші лигадан жоғары дивизионға дейін жеткізген.

Кейін Жуковский Беларусьтің БАТЭ клубында жұмыс істеген. Бірақ 2021 жылдың соңында Виталий Леонидовичтен командадан кетуді сұраған. Содан бері маман бос болып, Қазақстаннан шақырту алған.

Еске салайық, 17 тамызда «Атыраудың» бас менеджері Әлішер Апсалямов Константин Горовенконы негізгі құрамдағы қызметінен босатқан болатын. Горовенкомен бірге командадан көмекшілері Қайрат Айманов пен Денис Мамонов кетті. Қақпашылармен жұмыс істейтін маман Юрий Новиков жаңа бапкерлер штабына кіреді.