«Енисей» қорғаушы Иэн Миллермен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі basket-enisey.ru сайтына сілтеме жасап.

Өткен маусымды 30 жастағы америкалық ойыншы грекиялық «Перистериде» бастап, әр ойында орта есеппен 10,4 ұпай жинаған. Қаңтарда ол түркиялық «Бююкчекмедже» командасына ауысқан.

2016/2017 маусымында Миллер «Астана» сапында Қазақстан чемпионаты мен кубогын жеңіп алды, сонымен қатар ВТБ Бірыңғай лигасының ширек финалына шыққан болатын.