«Вильярреал» шабуылшысы Пако Алькасер Біріккен Араб Әмірліктерінің «Аль-Шарджа» клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 жастағы Алькасердің испаниялық клубпен келісімшарты 2025 жылға дейін жарамды. Ол «Аль-Шарджаға» бір маусымға жалға берілді.

Шабуылшы өткен маусымда «Вильярреал» сапында 21 ойынға қатысып, 2 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.

Алькасер Испания құрамасында 19 матч өткізіп, 12 гол соққан.