Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов әуесқойлар құрамасы әлем чемпионатына қатысуға шақырғаны туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

– Қазір кәсіпқой боксшыларды Олимпиадаға шақыру тәжірибесі бар. Егер сізге ұсыныс түссе, қатысуға келісесіз бе?

– Ұсыныс болды. Соңғы әлем чемпионатының алдында маған ұсыныс түскен болатын. Ол кезде салмақ категориялары өзгеріп үлгерген еді – 69 емес, 71 келі болатын. Сөйтіп, олар мені осы салмақта шақырды. Бірақ, шынымды айтсам, менде енді әуесқой боксқа қайта оралып, әлем чемпионатына қатысуға деген құлшыныс болмады. Мен кәсіпқой боксқа белбеулерді жеңу мақсатымен бардым және әуесқой бокстан шаршадым.