«ПСЖ» қорғаушысы Тило Керер «Вест Хэмге» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

25 жастағы немістің трансфері 12 миллион еуроны құрады.

Ойыншымен келісімшарт 2026 жылға дейін есептелген.

Керер Париж клубында 2018 жылдан бері ойнап келеді. ПСЖ сапында қорғаушы Францияның үш дүркін чемпионы, Франция кубогының екі дүркін жеңімпазы, Лига кубогының және ел Суперкубогының иегері атанды.

Өткен маусымда футболшы париждіктер сапында 34 матч өткізіп, 2 гол соққан.