Мұхамед Салах Мысырдағы өртеніп кеткен шіркеуді қалпына келтіру үшін ірі көлемде қайырымдылық жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

14 тамызда Гизадағы копт шіркеуінде өрт шығып, кем дегенде 41 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.

«Ливерпуль» шабуылшысы оқиғадан кейін көп ұзамай шіркеуді қалпына келтіруге үш миллион мысыр фунтын (шамамен 154 мың еуро) берді, деп хабарлайды мысырлық спорт журналисі Ибрагим Абдель Гавад.

Сонымен қатар, футболшы оқиғаға байланысты тұрғындарға көңіл айтты.