Геннадий Головкин Instagram парақшасында Сауль Альвареске қарсы алдағы жекпе-жекке арналған әсерлі видео жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі GGG парақшасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, GGG мен «Канело» трилогия 17 қыркүйекте өтеді. Қос боксшы арасындағы алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, екіншісінде мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.