Англия футбол қауымдастығы бапкерлер Томас Тухель мен Антонио Контеге қарсы айып тақты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мамандар «Челси» – «Тоттенхэм» (2:2) кездесуінде қақтығысып, матчтан кейін қол алысу кезінде төбелесіп кете жаздады.

Бапкерлерді орынсыз әрекет жасады деп айыптады. Оқиғадан кейін екеуі де қызыл қағаздан алды.

«Челси» мен «Тоттенхэмде» бұл айыптауларға жауап беруге 18 тамызға дейін уақыт бар.