Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бүгін Цинциннатиде (Огайо, АҚШ) басталатын ATP Masters турниріне қатыспайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz Gotennis.ru сайтына сілтеме жасап.

Бірінші айналымда Бублик аустралиялық Алекс де Минаурге қарсы өнер көрсетуі керек болатын. Қазақстандық жеребеден кейін ойыннан бас тартқандықтан, оның орнына іріктеуде сәтті өткен швейцариялық Анри Лааксонен шығады.

Сондай-ақ, Александр Бублик 21-27 тамыз аралығында Уинстон-Сейлемде (Солтүстік Каролина, АҚШ) өтетін ATP 250 Winston-Salem Open турниріне де қатыспайды.

Фото yonex.com