Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемнің үздік ойыншылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик бір сатыға төмендеп, 42-орында тұр. Дмитрий Попко 30 ұпай жоғалтып, бірден 21 сатыға төмендеп, Михаил Кукушкинді алға жіберді. 34 жастағы ардагер 213-орынға көтеріліп, тағы да Қазақстанның екінші ракеткасы атанды.

Жұптық рейтингтегі Қазақстан өкілдерінің үздігі Андрей Голубев үш саты төмендеп, 47-орынға тұрақтады. Александр Недовесов, керісінше, үш сатыға көтеріліп, 54-орынға жайғасты.

ATP рейтингінің топ-10 қатарында бір ғана өзгеріс болды – норвегиялық Каспер Рууд бесінші орынға көтеріліп, грекиялық Стефанос Циципасты жетінші орынға түсірді.

АTP рейтингі. 15 тамыздағы орындар1 (0). Даниил Медведев (Ресей) – 68852 (0). Александр Зверев (Германия) – 67603 (0). Рафаэль Надаль (Испания) – 56204 (0). Карлос Алькарас (Испания) – 50455. (+2). Каспер Рууд (Норвегия) – 48656 (0). Новак Джокович (Сербия) – 47707 (-2). Стефанос Циципас (Грекия) – 46508 (0). Андрей Рублев (Ресей) – 36309 (0). Феликс Оже-Альяссим (Канада) – 362510 (0). Хуберт Хуркач (Польша) – 343542 (-1). Александр Бублик (Қазақстан) – 1030213 (+9). Михаил Кукушкин (Қазақстан) – 237219 (-21). Дмитрий Попко (Қазақстан) – 233248 (-2). Тимофей Скатов (Қазақстан) – 203263 (-1). Денис Евсеев (Қазақстан) – 187403 (0). Бейбіт Жукаев (Қазақстан) – 102888 (+45). Григорий Ломакин (Қазақстан) – 14

Фото atptour.com