Велотректен Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Юрий Юда Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында шәкірттерінің Коньядағы Ислам ынтымақтығы ойындарындағы өнерін бағалап, алға жылжуды тежейтін мәселелерге тоқталды.

– Ислам ойындарындағы қарсыластардың деңгейін қалай бағалайсыз?

– Деңгейі, біз үшін айтарлықтай жоғары болды. Біз спортшылар Олимпиада ойындарына сияқты бұл жарыстарға жақсы дайындалады деп күткен жоқпыз. Нәтижелеріне қарап, таң қалдық. Бұл ойындарға Әзербайжан президенті, Өзбекстанның премьер-министрі келді. Яғни, бұл жарыстардың мәртебесін біз шамалы бағаламадық. Сондай-ақ, Өзбекстаннан келген әріптестерімізбен тілдесу барысында оларға алтын медаль үшін 7 мың доллар уәде етілгенін, яғни бұл Ислам ойындарына мемлекет үлкен мән беретінін білдік.

– Сіздің шәкірттеріңіздің өткен ойындағы нәтижелерінің маңызы қандай?

– Нәтижеге келетін болсақ, біз екі рекордқа қол жеткіздік. Рината Сұлтанова жекелей сында еліміздің ең жоғары жетістігін белгілеп, финалда оны жаңартты. Яғни, ол үш шақырымды 3:36-да жүріп өтті. Марина Кузьмина өзінің жеке нәтижесінен үш секундқа жақсы өтті. Бұл біздің шәкірттеріміздің бұл жарыстарға жақсы дайындалғанын білдіреді. Барлық қыздар абыроймен өнер көрсетті, біреулер ортақ жеңіс үшін өздерінің жеке нәтижелерін құрбан етті. Жалпы, нәтижеге, әрине, көңілім толады.

- Бұдан да жақсы нәтиже көрсету үшін спортшыларға не жетіспеді?

- Ең алдымен құрал жетіспеді. Рината Сұлтанованың өзі сатып алған жақсы велосипеді болатын. Сондықтан оның құралмен қиындығы болмады. Бірақ қалған қыздарда қиындық болды. Топтық жарыста бізде құралмен қиындықтар болғандықтан стартты кейінге қалдырдық. Дискіні сала алмадық. Екі механик техниканы жөндей алмады. Тиісінше, бізге пенальти берілді, бұл негізінен біздің кінәміз емес. Жалпы, техникамыз нашар болғаны үшін жазалады.

– Рината Сұлтановаға алдағы уақытта қандай жоспарларыңыз бар?

– Болашақта әлем чемпионатына қатысуды жоспарлағанбыз. Олимпиада ойындарына іріктеу басталып та кетті. Біздің мақсатымыз - лицензияларды жеңіп алу. Бірақ бәрі қаржыландыруға келіп тіреледі. Енді біз оны әлем чемпионатына жолдама алу үшін ең болмағанда жетекші старттарға жіберу мәселесін шешеміз. Ал, жалпы алғанда, ең болмағанда үздік 50-лікте қалу үшін ұпай жинауымыз керек, тиісінше, облыстан оны Азия кубогына жіберуге тырысамыз. Сондай-ақ, қаражат табылса, әлем чемпионатына жібереміз. Тректе де, тас жолда да лицензиялар жеңіп алу керек. Мен Ринатаның тас жолда өтетін әлем чемпионатында өнер көрсеткенін қалаймын.