"Тараз" футболшысы "Мақтааралмен" өткен кездесуден соң пікір білдірді

- Барлық жанкүйерлерімізді ҚР Кубогының 1/4 финалына шыққанымызбен құттықтаймын әрі оларға ерекше алғыс айтқым келеді! Қайда ойнасақ та Сіздердің қолдауларыңызды сезінеміз.

Бұл Кубокты Таразға әкелгіміз келеді. Ал кешегі кездесу оңай болған жоқ. Екі команда да топтан бірінші орынмен шығу үшін бар күшін салды. Ол үшін командадағы жігіттерге үлкен рақмет.

Намысты қолдан бермей, соңына дейін күрестік. Командадағы жергілікті жігіттермен бір бірімізге бауырдай болып кеттік. Бірімізге қолдау білдіріп жүруге тырысамыз.