SD Family блогерлар командасы «Астана Аренада»кезекті шоу-матчын өткізді. Бұл жолы елордаға Мәскеуден Starmix командасы қонаққа келді.

Starmix – 2020 жылы құрылғын ресейлік медиялық клуб. Қонақ команданың сапынан «Бумер»фильмінің жұлдызы Максим Коновалов, танымал әншілер Эллай, Джоззи, Гафур, Тима Мацони және тағы басқаларын атап өтуге болады.

SD Family әр жерде түрлі командалармен, оның арасында шетелдік ұжымдармен біршама матч өткізіп үлгерді.

Аталмыш матч Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболының дамуына қолдау көрсетіп жүрген JUSAN тобының демеушілігімен өтті. Жақында SD Family командасы JUSAN-мен бірге «Я СДШНИК» («МЕН СД-ЛЫҚПЫН») атты жобасы іске қосты. Жобада 14-17 жас аралығындағы балалар Дидар Сыдықбектің командасына қосылуға мүмкіндік алады. Бұл үшін үміткерлер ерекше ролик түсіріп, әлжеліге жүктеу қажет.

Бұл JUSAN-ның футболмен алғашқы бірлескен жобасы емес екенін айта кеткен жөн. Биыл көктемде JUSAN Парижде өткен Чемпиондар лигасының финалына жолдаманы ойнатқан еді. Бес бірдей қазақстандық жеңімпаз мадридтік «Реалдың» Еуропа турниріндегі 14-ші жеңісіне куә болды.

Жақында SD Family үлкен трансфер жайлы хабарлады: Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Айбол Әбікен енді елордалық команда сапында алаңға шығады.

Сыдықбектің сөзінше, бұл команда үшін үлкен күш:

«Айбол қазіргі таңда ең қымбат қазақстандық футболшы екенін бәрі жақсы біледі. Ол футболдан шеттетілгеннен кейін бабында жүріп, медиялық тұрғыда жоғалып кетпеуін қаладық. Біздің командаға көмегін тигізетініне сенімдімін. Біз өз тарапымыздан оған ары қарай дамығу алаң ұсына аламыз деген ойдамын», – деді ол.

Сонымен, Starmix бірнеше концерттік номер дайындапты. Ойын алды жаттығу кезінде мәскеулік команданың ойыншылары Эллаи, Тима Мацони және Гафур танымал әндерін көрермендерге паш етті. Айта кетерлігі, «Астана Аренаға» матчты көру үшін 8 мың жанкүйер келген. Бұл ҚПЛ матчтарынан да көп.

SD Family Айбол Әбікенді негізгі құрамда шығарды. Онымен қоса, «Қайратта» доп тепкен Қуаныш Советов, Ирина Кайратовна тобының өкілі Алдияр Жапарханов, танымал блогерлар Ерболат Жанабылов, Артур Асқарұлы және тағы басқалары алаңға шықты.

Советов өзіне тиесілі алаңның орта тұсында ойнаса, Әбікен төмен түсіп, қорғаныс шебіне жауап берді.

SD Family 18-ші секундта-ақ есепті ашты. Жанабыловтың соққысын «Бумердағы» «Леха Килла» қайтара алмады.

10-шы минутта Жанабылов дубль авторы атануы мүмкін еді, алайда қапталдағы төреші ойыншының алаңнан тыс қалғанын көрсетті.

Медия футболда қауіпті сәт өте жиі болады. Алғашқы он минутта екі команда 4-5 гол соғуы мүмкін еді.

Сәлден кейін Эллаи SD командасымен жеке шығып, таразы басын теңестірді. 20-шы минутта қонақтар есепте алда шығуы мүмкін еді, алайда екі сәтте де Әбікен қақпаны қорғап қалды.

Алаң иелері шабуыл өтінде ойнап, гол соғуға тырысып бақты. 43-ші минутта Қуаныш Советов алаңға тыңнан қосылған Әлішер Келгенбайдың пасынан кейін қақпаны 35 метрден дәл көздеді. Осылайша бірінші тайм алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Үзілістен кейін Starmix алға ұмтылып, таразы басын теңестіруге тырысты. 69-шы минутта Эллаи айып соққысын керемет орындап, голын Роналдудың «SIUUUU!» стилінде тойлатты.

Матч соңына дейін минут сайын есеп өзгеруге жақын болды. Дегенмен тек 90-шы минутта Айбол Әбікен қақпашымен жеке шығып, командасына жеңісті әперді – 3:2. SD қосалқы құрамы түгелдей Айболды алғашқы голымен құттықтай жөнелді.

Қорытынды есеп – 3:2. Бұл SD Family-дің өз алаңындағы ресейлік командаларға қарсы матчтағы екінші жеңісі.

SD Family – Starmix – 3:2 (2:1)

Голдар: Жанабылов (1:0), Эллаи (1:1), Советов 42 (2:1), Эллаи 69 (2:2), Әбікен 90 (3:2)

Матчтан кейін команданың негізін қалаушысы Дидар Сыдықбек блогерлар футболының маңызын атап өтті.

«Біздің әрбір медиаматчымыз өзінше ерекше. Қазақстанға медия футболын әкелдік деп айта аламын. Қазір ол өз бетімен дамып жатыр. Мұндай матчтарға, әсіресе ұйымдастыру жағынан жақсы дайындалу керек. Медия футболы балалар мен жасөсіпімдер және бұқаралық футболдың дамуында үлкен рөл атқарады. Танымал адамдардың арқасында көп балалар футболды жақсы көріп, онымен шұғылдануға тырысатыны анық».

Дидар Сыдықбек медия футболы SD Familyжобасының жалғыз мақсаты еместігін айтады.

«Біз кәсіби және медиаспорттан бөлек, балалар мен жасөспірімдер футболын дамытып жатырмыз. Бұл бағытта бізге сенімді сергіміз JUSAN көмектеседі. Бірнеше жобамызға қолдауын көрсетті. Жақын уақытта жас балаларға медия тұлға болуына көмектесетін керемет жобаларды көресіздер. SD Family JUSAN қолдауымен кәсіби ойыншы атанғысы келетін футбол сүйер қауымға трамплин болмақ», – деді ол.

«Қазіргі таңда JUSAN-мен бірге «Я СДШНИК» жобасын іске қостық. Тамыз айының соңында балалар мен жасөспірімдер лигасы басталады. Біздің серіктестігіміз Қазақстан футболының дамыуындағы үлкен жобалардың алғашқы легі деп ойлаймын», – деп қорытындылады Сыдықбек.