Алдағы дүйсенбіде АҚШ-тың Цинциннати қаласында WTA 1000 санатындағы турнир басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа Қазақстанның бірінші және екінші ракеткасы Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева қатысады.

Рыбакина бірінші айналымда әлемнің 60-ракеткасы, Мысыр спортшысы Маяр Шерифпен кездеседі.

Ал Путинцеваның қарсыласы әлдеқайда мықты - WTA рейтингісінде 25-қатарда тұрған америкалық Мэдисон Киз.