«Тұран» футбол академиясының U-19 командасы Қазақстан чемпионы атанып, жастар арасындағы Чемпиондар лигасына жолдама алды. Prosports.kz материалында ашылғанына бір жыл ғана болған, бірақ жақсы нәтижеге қол жеткізген академия туралы сөз қозғаймыз.

Бұған дейін УЕФА Жастар лигасында Қазақстан атынан кім өнер көрсетті?

«Астана» - 2015/16«Қайрат» - 2016/17«Қайрат» - 2017/18«Астана» - 2018/19«Астана» - 2019/20«Қайрат» - 2020/21«Қайрат» - 2021/22

Осы тізімге қарап, «Тұранның» 2004/05 жылы туған балалардан құралған командасының ел чемпионы болып, Чемпиондар лигасына жолдама алуы сенсация әрі үлкен жетістік екенін білуге болады. Әдетте бұл турнирде Қазақстан атынан тек «Қайрат» немесе «Астана» ғана өнер көрсетсе, биыл күтпеген жерден «Тұран» жігіттері екі үлкен клубтың гегемониясын үзді.

Дегенмен, бұл «Тұран» жастар командаларының биылғы жалғыз чемпиондығы емес.

2022 жылғы Қазақстан чемпионаты қорытындысы бойынша «Тұран» академиясының Нәтижесі

Жоғарыда аталған 2004-2005 жылы туған баралар арасындағы командадан бөлек Жастар лигасы 2-де 2006 және 2007 жылғы командалар чемпион атанды, ал Жастар лигасы 1-де 2008 және 2009 жылғы командалар тиісінше үшінші және екінші орындарға ие болды. Тек 2010 жылғы команда ғана жүлде ала алмай, жетінші орынға жайғасты.

Бұл жас клуб үшін керемет жетістік.

«Тұран» U-19 командасының Чемпиондар лигасындағы қарсыласы 31 тамызда Ньонда өтетін жеребе тарту рәсімінде анықталады, турнир 6 қыркүйекте басталады.