Гвинея құрамасының шабуылшысы Хосе Канте «Қайраттан» кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылық команданың бас бапкері Кирилл Кекер Кантенің «Қайраттан» кетуі мүмкін екенін мәлімдеді.

«Қазір ол командамен бірге емес. Ол бізде ойнауды жалғастыра ма, жоқ па, клубтың ресми ақпаратын күтіңіздер», - деді Кекер «Атырауға» қарсы ойыннан кейін.

Айта кетейік, осы маусымда Хосе Канте «Қайрат» сапында 14 матчқа қатысып, 6 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.