14 тамызда футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңінің 6-туры аясындағы соңғы матчтар өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Назарларыңызға Талдықорған, Қарағанды, Ақтөбе және Қызылорда қаласында өтетін ойындардың тікелей трансляциясын ұсынамыз.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де D тобындағы талдықорғандық «Жетісу» мен түркістандық «Тұран» кездеседі.

D тобындағы екінші ойын қарағандылық «Шахтер» мен «Астана» арасында өтетін. Ойын елорда уақытмен 18:00-де бсталады.

Ал елорда уақытмен 21:00-де C тобындағы «Ақтөбе» - «Тобыл» матчы өтеді.

«Шахтер» – «Астана» және «Ақтөбе» – «Тобыл» матчын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

21:00-де Қызылордалық «Қайсар» Петропавлдың «Қызыл-Жарын» қабылдайды.

Фото fcastana.kz