"Астана Арена" стадионында SD Family мен мәскеулік "Стармикс" командасы арасында шоу-матч өтті.

Өнер жұлдыздарынан құралған әуесқой командалар арасындағы матч SD Family пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.

Бір айта кетерлігі, SD Family сапында үшінші голды Айбол Әбікен соқты. Жақында футболдан шеттетілген ол әуесқой командаға қосылды.

Еске салайық, осы жылдың мамыр айында SD мен Starmix та жолдастық кездесуде ойынды 1:1 есебімен тең аяқтаған болатын.