Бангкок қаласында (Таиланд) жабық кешендегі хоккейден Азия кубогы жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезекті кездесуде Қазақстан әйелдер құрамасы Индонезиямен ойнады. Кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.

Еске салайық, соңғы ойында Қазақстан Тайпей командасын 6:0 есебімен ұтқан болатын.