Алматыда 15 тамызда Орталық демалыс саябағында велотрек ашылады, деп хабарлайды Prosports.kz Велоспорт федерациясына сілтеме жасап.

Жаңартылған спорт орнында мыналар болады:

- велотрек;

- жүгіруге арналған арнайы жабыны бар жолдар;

— Орталық Азиядағы бірінші ашық аспан астындағы спорт залы;

— Алматыдағы ең үлкен скейтпаркі;

- BMX трек.