Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Өскемен ITF W25 - Kazzinc Open турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ж. Құламбаева жекелей сында отандасы Гөзал Айнитдиноваға жол бергенімен, ресейлік Екатерина Казионовамен бірге жұптық кездесулерін сәтті өткізді.

Ж. Құламбаева мен Е. Казионова жартылай финалда ресейлік Полина Яценко - Беларусь өкілі Дарья Шаухамен шеберлік байқасты.

Жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0, 6:0.

Ертең, 13 тамыз күні Жібек Құламбаева мен Екатерина Казионова ресейліктер Екатерина Маклакова - Александра Поспеловамен бас жүлдені сарапқа салады.