Қазақстандық Гөзал Айнитдинова Өскемен ITF W25 - Kazzinc Open жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дүниежүзілік рейтингіде 587-орында тұрған Айнитдинова екінші айналымда отандасы, әлемнің 491-ші, осы турнирдің 6-ракеткасы Жібек Құламбаевамен ойнады.

Бұл бәсекеде Гөзал 6:1, 6:4 есебімен басым түсті.

Ертең, 12 тамыз күні Айнитдинова жартылай финалға шығу үшін үндістандық Ашмита Эшварамуртимен таласады.

Жұптық сында Айнитдинова мен ресейлік Анна Кубарева ширек финалда күтпеген жерден ресейлік Полина Итченко - Беларусь өкілі Дарья Шаухаға есе жіберді – 2:6, 4:6.

Өскеменде жауған жаңбырдың салдарынан кейбір матчтар ертеңге қалдырылды. Жібек Құламбаева жұптық сында ресейлік Екатерина Казионовамен бірге доданың жас жұлдыздары, қазақстандық Мәлика Әмірғалиева - қырғызстандық Владислава Андреевскаямен шеберлік байқасады. Жеңген жұп жартылай финалға шығады.