«Ақтөбе» ФК мен оның бұрынғы бас бапкері Владимир Муханов арасындағы қаржылық жанжалдың жаңа мәліметтері «Диапазон» сайтынан белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Премьер-лига чемпионатының 8-ші турында «Ақтөбе» ФК тараздықтардан жеңіліс тауып, матч 0:3 есебімен аяқталды. Осыдан кейін спорттық БАҚ Владимир Мухановтың бас бапкер қызметінен босатылғанын, келісім-шарт мерзімі аяқталмай тұрғанын жазған болатын.

Бірақ клубтың өзінде олар еңбек заңнамасы аясында қатаң әрекет ететіндіктерін айтты, Владимир Мухановты клубқа бас бапкердің көмекшісі ретінде жұмысқа орналастырды, сонымен қатар «Ақтөбе» командасының тізгіншісімен бірдей жалақы алады. Демек, оның құқығы ешбір жағдайда бұзылмаған.

Бірақ Владимир Мухановқа бұл ұнамады, ол өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазып, кейін Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) дауларды шешу палатасына «Ақтөбе» ФК-да оның еңбек құқығы бұзылды деп шағымданды.

Ол бұрынғы жұмыс берушіден 70 миллион теңге төлеуді талап еткен. Дауларды шешу палатасы істі жедел қарап, клуб Владимир Мухановқа 47 миллион теңге төлеуге шешім шығарды. Клубта ФИФА-ның шешімі дау туғызбады.

Енді Владимир Мухановқа клубқа бөлінген облыстық бюджеттен бұл соманың төленбейтіні белгілі болды. Облыстық спорт басқармасы Мухановқа демеушілер өтемақы төлеу үшін «Ақтөбе» футбол клубына беретін ақша беріледі деп сендірді.