Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мансабын аяқтауға байланысты мәлімдеме жасады.

- Қалай болғандада жуырда карьерамды аяқтаймын. Альварестің көмегімен болсын, басқалай болсын. Шындыққа тура қарайық. Менің жасым 40-қа келді. Зейнет уақыты жақындап қалды, - деп келтіреді Головкиннің сөзін Fighter Channel телеграм-арнасы.