29 жастағы шабуылшы Пьерос Сотириу жапондық «Хиросимамен» келісім-шартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біздің мәлімет бойынша, кипрлік жаңа клубында 1 миллион еуродан астам табыс алады.

Футболшының соңғы клубы «Лудогорец» болды, онда ол 62 матч өткізіп, 29 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.

Еске салайық, шабуылшы «Астана» сапында өнер көрсетті. Ол елордалықтар сапында барлығы 17 ойын өткізіп, 7 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.