Волейболдан ерлер мен әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогы ағымдағы жылдың қыркүйек және қазан айларында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кубок турнирі екі кезеңде өтеді: алдын ала (30-шы Қазақстан чемпионатында ерлер арасында 1-6, әйелдер арасында 1-6 орын алған Ұлттық лига командалары қатыспайды) және финалдық кезең (Ұлттық лиганың 6 командасы және алдын ала кезеңде 1-2 орын алған командалар).

Өтетін мерзім мен орындар

Ерлер командалары арасындағы алдын ала кезең – 9-16 қыркүйек аралығында, Оралда

Әйелдер арасындағы алдын ала кезең – 23-30 қыркүйек аралығында (өтетін орын кешірек жариялады)

Ерлер арасындағы ширек финал, жартылай финал және финал – 6-14 қазан аралығында (өтетін орын кешірек жариялады)

Әйелдер командалары арасындағы ширек финал, жартылай финал және финал – 20-28 қазан аралығында (өтетін орын кешірек жариялады)

Фото olympic.kz