Юлия Путинцева америкалық София Кенинмен дуэтте Канаданың ашық теннис чемпионатында венгриялық Анна Бондарь мен бельгиялық Кимберли Циммерманн жұбын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 6:7, 5:7 есебімен Путинцева мен Кенин дуэтінің пайдасына аяқталды. Спортшылар кортта 1 сағат 40 минут уақыт өткізді.

Ертең Путинцева (46) пен Кенин (416) украиналық Людмила Киченок (997) мен латвиялық Елена Остапенконың (16) дуэтіне қарсы ойнайды.