Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Тобылмен» қарымта кездесу өткізетін босниялық «Зрински» футболшылары Қостанайға келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Зринскидің» баспасөз қызметі әлеуметтік желіде команда ойыншыларының Қостанай әуежайында ұшақ баспалдақтарынан түсіп жатқан суреттерін жариялады.

«Жеті сағаттық рейстен кейін біздің команда Қостанайға аман-есен жетті!» – деп жазады клубтың баспасөз қызметі.

«Тобыл» мен «Зриньски» арасындағы кездесу бейсенбі, 11 тамыз күні өтеді.