Журналист Фабрицио Романо «Валенсия»«Барселонаға» жартылай қорғаушы Нико Гонсалесті сатып алу туралы ұсыныспен жүгінгенін айтады.

Бірақ, алдымен «жарғанаттар» 20 жастағы футболшыны жалға алуға ниетті.

Гонсалес Барселона академиясының түлегі. «Барсаның» негізгі құрамында ол 36 матчқа қатысып, екі гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Оның «блаугранамен» келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін.